
Канаданың Торонто қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтеді. Маусымның шешуші жарысында Қазақстан құрамасының 13 спортшысы ел намысын қорғайды.
Ұлттық құраманың сапына Виктор Друзин, Алдияр Рамазанов, Ясмин Туякова, Даяна Джаманчалова, Виктория Столбунова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Полина Мерзлякова, Анна Павлецова және Жаклин Якимова енді.
Қазақстандық спортшылар әлемнің үздік әртістік жүзу шеберлерімен бірге медальдар үшін бақ сынап, халықаралық маусымның басты жарыстарының бірінде өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы 19-21 маусым аралығында Канаданың Торонто қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы бірнеше бағдарлама бойынша жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.



