ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында қос алтын медаль еншіледі.

Ұлттық құраманың қоржынына түскен екі жүлдені жас спортшылар Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова жеңіп алды.

Рамазан Айнегов U17 жас санатындағы жарыста үздік атанды. Қазақстандық триатлоншы «суперспринт» бағдарламасында 25 минут 49 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында өнер көрсеткен Ясмина Бузуртанова да чемпион атанды. Ол жарыс жолын 30 минут 56 секундта аяқтап, алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінің алғашқы жарыс күнін екі алтын жүлдемен қорытындылады.

Айта кетейік, Азия чемпионаты аясындағы жарыстар 14 маусымда жалғасады. Бұл күні спортшылар эстафеталық сайыстарда Азия чемпионатының медальдарын сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button