ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан құрамасы Венгриядан жеңіліп қалды

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық матчта Венгрия құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Кездесу қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Матчтың 9-минутында Сергей Малый мергендік танытып, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Алайда екінші таймда алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алды. 52-минутта Доминик Собослаи есепті теңестірсе, араға 15 минут салып Андраш Шафер Венгрияны алға шығарды.

Қазақстан құрамасының жағдайын 63-минутта Максим Самородовтың қызыл қағаз алуы қиындата түсті. Сан жағынан басымдыққа ие болған венгриялықтар матчтың қосымша уақытында үшінші голын соқты. 90+3-минутта Бенце Тот кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы маусым айындағы екінші жолдастық кездесуінде жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық футболшылар Армения құрамасымен 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button