ТЕННИСТРЕНДТЕ

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде қатарынан екінші чемпиондықты жеңіп алды

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Түркияның Кайсери қаласында өткен ITF W15 турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды.

Турнирдің бірінші нөмірлі жұбы ретінде тіркелген қазақстандық спортшылар жарыстың шешуші кезеңінде жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Жартылай финалда олар Украина өкілдері Мария Берген мен Катерина Дятлованы 6:0, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алды.

Чемпиондық атақ үшін өткен кездесуде Асылжан мен Іңкәр жергілікті теннисшілер Дуру Соке мен Дога Түркменге қарсы кортқа шықты. Алғашқы сетте қазақстандық жұп 6:2 есебімен басым түсті. Екінші партияда түркиялық спортшылар дәл сондай есеппен қарымта қайтарды – 6:2.

Жеңімпаз супер тай-брейкте анықталды. Шешуші сәтте Арыстанбекова мен Дүйсебай ойын тізгінін өз қолдарына алып, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық теннисшілер ITF сериясындағы кезекті титулдарын жеңіп алып, қатарынан екінші турнирде чемпион атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button