БОКСТРЕНДТЕ

Бес қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте бірінші орнын сақтап қалды

World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық спортшылар бірнеше салмақ дәрежесінде көшбасшылық позицияларын сақтап қалды.

Әлемдік рейтингтің бірінші сатысында бес қазақстандық боксшы тұр. Олар – 50 келіге дейінгі салмақтағы Санжар Тәшкенбай, 55 келідегі Махмұд Сабырхан, 70 келідегі Төрехан Сабырхан, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай және әйелдер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Наталья Богданова.

Рейтингтің екінші орнына Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жайғасты.

Сонымен қатар бірнеше қазақстандық боксшы үздік үштіктен орын алды. Атап айтқанда, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) өз салмақ дәрежелерінде үшінші орында тұр.

Қазақстандық боксшылардың жоғары көрсеткіштері ұлттық құраманың әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Бұл жарыста қазақстандық спортшылар өз рейтингтік орындарын нығайтуға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button