ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстанның U-19 құрамасы Португалиямен тең түсті

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін сәтті бастап, алғашқы матчта Португалиямен тең түсті.

А лигасының 6-тобындағы кездесу Грекияның Салоники қаласында өтті. Тартысты матч 1:1 есебімен аяқталып, қазақстандық футболшылар фаворит саналатын қарсыласынан маңызды ұпай еншіледі.

Ойынның негізгі бөлігінде қос команда да есеп аша алмады. Тек 81-минутта португалиялықтар алға шықты. Алайда қазақстандық жас футболшылар жігер танытып, көп ұзамай таразы басын теңестірді. Кездесудің 86-минутында Алдияр Нұрғали мергендік танытып, Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқарып қалды.

Осы нәтиженің арқасында қазақстандықтар іріктеу кезеңін бір ұпаймен бастады. Бұл матчтағы тең ойын турнирдің басты сенсацияларының бірі ретінде бағалануда.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі кездесуін 6 маусымда Сербия құрамасына қарсы өткізеді. Ал 9 маусымда іріктеу турнирінің қожайыны Грекиямен кездесіп, жарысты қорытындылайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button