ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Прагадағы European Cup турниріне 22 дзюдошыны апарады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Чехияның Прага қаласында өтетін European Cup турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Аталған жарыста Қазақстан құрамасының 22 спортшысы татамиге шығады.

Ерлер құрамасында бірнеше салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошылар бақ сынайды. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов, Нұраділ Әлжан және Сұңғат Нұрлатұлы өнер көрсетеді. 66 келіде Бауыржан Нарбаев пен Ақжігіт Насыр ел намысын қорғайды. Сондай-ақ Дастан Шаяхметов, Әнуар Жұмагелдин, Азат Күмісбай, Досжан Жолжақсынов, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев және Мұхаммедәлі Мавлидов те жарысқа қатысады.

Аса ауыр салмақта Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай және Жәнтілек Нұртілепұлы жүлде үшін күреседі.

Әйелдер құрамасына Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Іңкәр Төлепбергенова, Ханзада Қайратова, Шынар Абатова, Карина Такиева және Толқын Тұрсынақынова енгізілді.

Прагадағы European Cup турнирі 27-28 маусым күндері өтеді. Бұл жарыс қазақстандық дзюдошылар үшін халықаралық рейтингтік ұпай жинап, алдағы ірі жарыстарға дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button