БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстанның әйелдер құрамасы Әлем кубогы кезеңіне дайындықты Қытайда өткізуде

Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Әлем кубогының екінші кезеңіне дайындық аясында Қытайдың Гуйян қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады.

Алдағы халықаралық жарыс алдындағы соңғы дайындық кезеңі саналатын жиынға әлемнің 19 елінен келген ұлттық құрамалар қатысуда. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Бразилия, Өзбекстан, Италия, Франция және Оңтүстік Корея секілді бокс державаларының өкілдері бар.

Қазақстан құрамасы сапында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Элина Базарова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бірлескен оқу-жаттығу жиыны спортшыларға түрлі елдердің боксшыларымен тәжірибе алмасып, халықаралық жарыс қарсаңында өз деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді. Қазақстандық боксшылар аталған турнирде жүлделі орындар үшін таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button