ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Абай облысының «Спартак» клубы жағажай футболынан Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Павлодар қаласында жағажай футболынан Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды. Елдің әр өңірінен келген сегіз команда бірнеше күн бойы бас жүлде үшін өзара бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша Абай облысының «Спартак» командасы чемпион атанды. Финалда олар Қазақстан Суперкубогының иегері «Малайсары» клубын 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, Кубокты иеленді.

Жарыс барысында үздік ойын көрсеткен футболшылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Үздік қақпашы атағы «Малайсары» командасының ойыншысы Иван Гороховқа бұйырды. Үздік қорғаушы ретінде «Спартак» футболшысы Кямран Гурбатов танылды. «Арман» командасының өкілі Артур Деринг турнирдің үздік жас ойыншысы атанса, ең креативті ойыншы номинациясын «Малайсары» клубының мүшесі Саедхоссейн Мирхоссеини иеленді.

Турнирдің үздік сұрмергені болып «Спартак» ойыншысы Рамиль Алиев танылса, ең үздік ойыншы атағы «Малайсары» командасының футболшысы Мехди Ширмохаммадиге берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button