БОКСТРЕНДТЕ

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі мәресіне жетті.

Финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша келесі боксшылар чемпион атанды:

50 келіге дейін

  • Ернар Қара (Абай облысы)

55 келіге дейін

  • Сәкен Бибосынов (ЦСКА)

60 келіге дейін

  • Асылжан Серікбай (Шымкент)

65 келіге дейін

  • Абзал Серік (Шымкент)

70 келіге дейін

  • Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы)

75 келіге дейін

  • Еркебұлан Шайкенов (Жетісу облысы)

80 келіге дейін

  • Нұрқанат Райыс (Маңғыстау облысы)

85 келіге дейін

  • Бекнұр Батырбек (ЦСКА)

90 келіге дейін

  • Нұржан Думан (Қарағанды облысы)

90 келіден жоғары

  • Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан)

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының боксшылары тоғыз салмақ дәрежесінде жеңіске жетсе, аса ауыр салмақтағы алтын жүлде Өзбекстан өкілі Мадияр Саидрахимовқа бұйырды. Турнир дәстүрлі түрде ұлттық құраманың резервін анықтауға және жас боксшылардың халықаралық тәжірибе жинауына мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button