ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық триатлоншы Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарына енді.
Отандасымыз жарыс қашықтығын 54 минут 43 секундта бағындырып, қола медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені ресейлік Роман Минеев иеленді. Ол мәреге 54:31 уақыт көрсеткішімен жетті. Күміс медаль Қытай спортшысы Минсюй Лиге бұйырды — 54:34.
Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де жарысты сәтті аяқтады. Аян Бейсенбаев 55:17 нәтижесімен 11-орынға ие болды. Максим Шмулич 56:13 уақытпен 26-сатыға жайғасса, Темірлан Теміров 56:35 көрсеткішімен 28-орыннан көрінді.
Осылайша, Арлан Жаңабай Қазақстан құрамасының қоржынына Азия кубогы кезеңіндегі кезекті жүлдені салды.



