КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен жеті салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алып, құрлық біріншілігін сәтті бастады.

Ұлттық құраманың қоржынына алғашқы алтын медальді 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қуанышбек Жаңажол салды. Қазақстандық балуан финалдық белдесуде қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

110 келіге дейінгі салмақта Арыстан Темірғали күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол финалға дейін жетіп, құрлық додасын екінші орынмен аяқтады.

Сонымен қатар, Әли Алмас (45 келіге дейін) пен Датқа Лесбек (48 келіге дейін) қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жалпы жүлде қорын төрт медальға жеткізді.

Айта кетейік, Данангтағы Азия чемпионаты алдағы күндері еркін және әйелдер күресі бойынша жарыстармен жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button