
АҚШ-тың Сиэтл қаласында Blind футболдан халықаралық турнир өтті.
Халықаралық жарысқа АҚШ, Перу және Қазақстан ұлттық құрамалары қатысты.
Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуінде АҚШ командасымен 0:0 есебімен тең ойнады.
Ал шешуші матчта отандастарымыз Оңтүстік Американың мықты командаларының бірі саналатын Перу құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голдың авторы Болат Жанымхан болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Blind футбол тарихындағы алғашқы халықаралық трофейін жеңіп алды.



