КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатын 22 медальмен аяқтады

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 22 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 7 алтын, 10 күміс және 5 қола жүлде бар.

Еркін күрес

Азия чемпионы атанғандар:

  • Нұрданат Айтанов — 61 келіге дейін
  • Майис Алиев — 70 келіге дейін
  • Нұрдәулет Сейілбеков — 74 келіге дейін
  • Ризабек Айтмұхан — 125 келіге дейін

Күміс жүлдегерлер:

  • Еламан Амангелді — 54 келіге дейін
  • Ерхан Әбіл — 79 келіге дейін
  • Абылайхан Үзембаев — 86 келіге дейін

Қола жүлдегер:

  • Шаттық Алайдар — 65 келіге дейін

Грек-рим күресі

Алтын медаль иегерлері:

  • Айбек Айтбеков — 60 келіге дейін
  • Ислам Евлоев — 97 келіге дейін

Күміс жүлдегерлер:

  • Нұрмұхаммед Ибрахим — 72 келіге дейін
  • Әлихан Дурсунов — 77 келіге дейін
  • Ерасыл Жеңгіс — 87 келіге дейін
  • Джохар Узаров — 130 келіге дейін

Қола жүлдегерлер:

  • Диас Нұрақов — 63 келіге дейін
  • Кирилл Минько — 82 келіге дейін

Әйелдер күресі

Азия чемпионы:

  • Шұғыла Өмірбек — 55 келіге дейін

Күміс жүлдегерлер:

  • Алтын Шагаева — 57 келіге дейін
  • Тыныс Дүбек — 62 келіге дейін
  • Алина Ертөстік — 76 келіге дейін

Қола жүлдегерлер:

  • Лаура Ғаниқызы — 50 келіге дейін
  • Виктория Хусаинова — 59 келіге дейін

Басқа жаңалықтар

Back to top button