ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Назым Махмұтова таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таеквондошы Назым Махмұтова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетті.

Финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте Назым Махмұтова Қытай өкілі Сун Цземен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қытайлық спортшы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық таеквондошы құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының сапынан Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін) пен Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) де қола жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button