
Қазақстан құрамасы таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы медалін жеңіп алды.
Ұлттық құрама өкілі Еркебұлан Еңсегенов 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық спортшы жарыс барысында жартылай финалға дейін жетті. Алайда финал жолдамасы үшін өткен белдесуде иорданиялық Джафар Альдаудтан жеңіліп қалды.
Осылайша, Еркебұлан Еңсегенов құрлық біріншілігін үшінші орынмен аяқтады.



