БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Сербиядағы халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Сербияның Белград қаласында өткен халықаралық турнирді жеті медальмен аяқтады.

Ұлттық құраманың қоржынына бір алтын, екі күміс және төрт қола жүлде түсті.

Турнирдегі жалғыз алтын медальді 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрасыл Төлебек жеңіп алды.

Күміс жүлдеге Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) мен Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) ие болды.

Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Шілдебай (80 келіге дейін), Аян Қалмағанбетов (85 келіге дейін) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) қола медаль еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button