
eKPL турнирінің тұңғыш маусымының жеңімпазы, қарағандылық «Шахтер» клубының өкілі Данияр «DAN1K» Шарабадин Манчестерде өткен eChampions League жарысында сәтті өнер көрсетті.
Қазақстандық киберспортшы Еуропаның ең үздік 30 ойыншысының қатарына енді.
Айта кетейік, Данияр Шарабадин — құрлықтың үздік киберфутболшылары қатысатын eChampions League турниріне жолдама алған алғашқы қазақстандық ойыншы.
Манчестердегі жарыс барысында отандасымыз алты матч өткізіп, төрт ұпай жинады.
Данияр Әзербайжанның «Нефтчи» клубының ойыншысы YuLite42-ні 5:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Сонымен қатар Амстердамтың «Аякс» клубының өкілі Chris de Boer-пен өткен кездесуде тең нәтижеге қол жеткізді.
Осы көрсеткіштердің арқасында қазақстандық ойыншы eChampions League турнирінің қорытынды кестесінде 29-орынға жайғасты.



