
Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан U17 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 16 медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті. Отандастарымыздың еншісінде 8 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлде бар.
Азия чемпиондары:
- Нұрасыл Ғалым (50 келіге дейін)
- Хатшепсут Садвакасова (50 келіге дейін)
- Эмир Мухит (60 келіге дейін)
- Аяулым Оспанова (60 келіге дейін)
- Диана Надырбек (75 келіге дейін)
- Әлібек Алпамыс (80 келіге дейін)
- Сабыржан Сағым (80 келіден жоғары)
- Жансая Ержан (80 келіге дейін)
Күміс жүлдегерлер:
- Балым Ғабитқызы (60 келіге дейін)
- Мейіржан Жүніс (63 келіге дейін)
- Ислам Сулейманоглы (66 келіге дейін)
Қола жүлдегерлер:
- Милана Иншина (46 келіге дейін)
- Бекхан Уразбай (52 келіге дейін)
- Нұрислам Оңалбек (57 келіге дейін)
- Розалия Вайдеман (57 келіге дейін)
- Айлин Ходжамбердиева (70 келіге дейін)
Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатына құрлықтың бірнеше елінен жас былғары қолғап шеберлері қатысты.



