ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Elorda футзалдан Бірінші лиганың чемпионы атанды

Футзалдан Қазақстан Бірінші лигасының кезекті маусымы аяқталып, чемпион анықталды.

Шешуші матчта Elorda клубы көкшетаулық Elim-ai командасын 5:1 есебімен жеңіп, турнирдің алтын жүлдесін иеленді.

Осы жеңістің арқасында Elorda келесі маусымда Қазақстан чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болды.

Күміс жүлдегер атанған Elim-ai Премьер-лигаға шығу үшін «Шымкент» немесе «Жетысу» клубтарының біріне қарсы өтпелі матч өткізеді.

Ал қола медаль Атырау облысының MAQAT клубына бұйырды.

Бірінші лиганың үздіктері:

Үздік қақпашы — Қосекен Алтынбек (MAQAT)

Үздік қорғаушы — Имран Абдрахманов («Қайрат» U21)

Үздік шабуылшы — Батырхан Имашев (Elim-ai)

Үздік бапкер — Олжас Сүлейменов (Elorda)

Үздік ойыншы — Қуаныш Бегалин (Elorda)

Басқа жаңалықтар

Back to top button