ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан чемпионы алғаш рет eChampions League турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстан киберфутболы тарихында алғаш рет отандық ойыншы eChampions League турниріне қатысады.

eKPL турнирінің алғашқы маусымының жеңімпазы, «Шахтер» клубының өкілі Данияр «DAN1K» Шарабадин Еуропадағы ең беделді киберфутбол жарыстарының бірінде Қазақстан намысын қорғайды.

Турнирдің алғашқы кезеңі 15–16 мамыр аралығында Англияның Манчестер қаласында өтеді. Бұл сында ұлттық лигалар мен іріктеу кезеңдерінен өткен Еуропаның үздік ойыншылары бақ сынайды.

Данияр Шарабадин топтық кезеңде мына қарсыластармен кездеседі:

15 мамыр:

  • BONANNO («Манчестер Сити», Англия)
  • MILKALOVE («Хольштайн Киль», Германия)
  • CHRIS DE BOER («Аякс», Нидерланд)

16 мамыр:

  • DFERNANDES («Кадис», Испания)
  • YULITE42 («Нефтчи», Әзербайжан)
  • LEVI DE WEERD («Труа», Франция)

Турнирдің жалпы жүлде қоры 281 мың долларды құрайды. Манчестердегі топтық кезеңнен сүрінбей өткен қатысушылар Будапештте өтетін финалдық кезеңге жолдама алады.

Айта кетейік, жарыс матчтары Twitch және YouTube желілеріндегі eSports KFF арналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button