
Қазақстанның ерлер құрамасы қылыштасудан Мысырдың Каир қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды.
Халықаралық турнирде ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
- Бексұлтан Әбжал
- Қуаныш Ерғашбай
- Жанат Нәбиев
- Қайназар Нұрқатұлы
- Нұрсат Айтмырза
- Артем Саркисян
- Сұлтан Станбек
- Нұрмұхаммед Жайлыбай
- Артур Чупраков
- Назарбай Саттархан
Айта кетейік, Нұрмұхаммед Жайлыбай осы жылдың сәуір айында Бразилияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.
Әлем кубогының кезеңі 22–23 мамыр аралығында өтеді.



