БАСҚАЛАРЫ

Ташкенттегі Challenge Cup кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Халықаралық гимнастика федерациясы (World Gymnastics) Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының сапына жеті спортшы енді.

Ерлер құрамасы:

  • Алтынхан Темірбек – еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина, керме және ат снаряды;
  • Әлішер Тойбазаров – еркін жаттығу, сақина және қоссырық;
  • Дияс Тойшыбек – ат снаряды мен керме;
  • Фарух Набиев – қол тіреп секіру және қоссырық.

Әйелдер құрамасы:

  • Амина Халимарден – еркін жаттығу, қол тіреп секіру және әртүрлі биіктіктегі қоссырық;
  • Дарья Ясинская – қол тіреп секіру, гимнастикалық бөрене және еркін жаттығу;
  • Эвелина Ежова – әртүрлі биіктіктегі қоссырықтар мен гимнастикалық бөрене.

Айта кетейік, Challenge Cup кезеңі 21–24 мамыр аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button