ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Аида Тойшыбекова Астанадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Аида Тойшыбекова Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін белдесуде италиялық Тизиана Маринимен кездесті.

Белдесу барысында қарсыласы үш мәрте ескерту алып, нәтижесінде жеңіс Аида Тойшыбековаға берілді.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді қола медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button