
Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.
Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде үшін белдесіп, молдовалық Влад Митрудан басым түсті.
Осылайша, Ғайнуллин Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді салды.
Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде үш жүлде бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс медаль жеңіп алса, Шерзод Давлатов қола жүлдеге ие болған еді.



