ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық екі дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы жартылай финалға жолдама алды.

Екі дзюдошы да 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін татамиге шығады.

Жалғас Қайролла ширек финалда молдовалық Виктор Стерпуді жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ал Досжан Жолжақсынов ресейлік Егор Сухопаровпен болған белдесуде басым түсіп, жартылай финалға жолдама иеленді.

Айта кетейік, турнирдің финалдық блогы Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button