ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Талғат Орынбасар Астанадағы Grand Slam турнирінде күміс жүлде жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде финалдық белдесулер басталды.

60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Талғат Орынбасар финалда моңғолиялық Сухбат Бямбасурэнмен кездесті. Белдесу барысында қарсыласы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

Осылайша, Талғат Орынбасар халықаралық турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде бұған дейін Шерзод Давлатов та қола медальға ие болған еді. Мағжан Шамшадин жарақатына байланысты қола үшін белдесуге шыққан жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button