КҮРЕСТРЕНДТЕ

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

12–17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы ұйымдастырылады.

Аталған додаға еліміздің әр өңірінен 800-ден астам балуан қатысып, жүлделерді сарапқа салады.

Турнирге халықаралық ареналарда Қазақстан намысын қорғап жүрген тәжірибелі спортшылар да қатысады деп жоспарланып отыр. Басты мақсат – алдағы ірі жарыстарға ұлттық құраманы жасақтау және балуандардың дайындығын пысықтау.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, алғашқы медальдар грек-рим күресінде ойнатылады. Одан кейін әйелдер күресінің өкілдері бақ сынайды. Ал турнирді еркін күрес балуандары қорытындылайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button