ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті

Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасын 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Матч барысында Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Бреус, Роман Старченко, Кирилл Ляпунов және Самат Данияр мергендік танытты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Литваны да жеңген болатын. Осылайша, екі ойыннан кейін 6 ұпай жинаған ұлттық команда турнир кестесінде көш бастап тұр.

Алдағы кездесулерде Қазақстан құрамасы Польша, Украина және Франция командаларына қарсы ойнайды. Турнир қорытындысы бойынша үздік екі құрама элиталық дивизионға жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button