ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Көкшетауда 10 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды

Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында 10 000 көрерменге арналған заманауи стадионның іргетасына уақыт капсуласын қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Көкшетау қаласының әкімі әрі облыстық футбол федерациясының президенті Әнуар Күмпекеев, Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин және жергілікті тұрғындар қатысты.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов жобаның іске асырылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қыркүйектегі өңірге сапары барысында берген тапсырмалары аясында жүзеге асып жатқанын атап өтті.

— Футбол еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Бүгін басталған құрылыс болашақта Көкшетауда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды, соның ішінде жастар құрамаларының матчтары мен ұлттық турнирлердің финалдық кездесулерін өткізуге мүмкіндік береді, — деді өңір басшысы.

Жоба UEFA-ның 4-санатына сай заманауи инфрақұрылымды қамтиды. Стадионда жайлы трибуналар, санитарлық аймақтар, фудкорттар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған барлық жағдай қарастырылған. Сонымен қатар, нысан аумағында «Оқжетпес» футбол клубы үшін толыққанды жаттығу базасын салу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button