БОКСТРЕНДТЕ

Виктория Графеева Бразилиядағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы алтын жүлдесін иеленді.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Виктория Графеева финалда алаң иесі — бразилиялық Ребекка Сантоспен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы жарыстың чемпионы атанып, ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button