ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Шымкент пен Талғар УЕФА даму турнирінің матчтарын қабылдайды

Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Шымкент және Талғар қалаларында ұлдар мен қыздар арасында УЕФА даму турнирінің ойындары өтеді.

Бұл жарыстар жасөспірімдер құрамаларына арналған және олардың ойын тәжірибесін арттыруға, халықаралық деңгейге бейімделуіне мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді турнир барысында командалар ресми кездесулерге жақын форматта бірнеше матч өткізіп, Еуропа чемпионаттарына дайындалады.

Қазақстан футбол федерациясы бұған дейін де УЕФА сеніміне ие болып, осындай турнирлерді ұйымдастырып келеді. Биыл Шымкентте ұлдар (U-16) арасындағы жарыс өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Пәкістан құрамалары қатысады. Ал Талғарда қыздар (U-16) арасында Қазақстан, Израиль, Эстония және Өзбекстан командалары бақ сынайды.

Барлық матчтар KFF TV YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Шымкенттегі ұлдар турнирінің кестесі:

25 сәуір
10:30 – Ресей – Әзербайжан
15:30 – Қазақстан – Пәкістан

27 сәуір
10:30 – Ресей – Пәкістан
15:30 – Қазақстан – Әзербайжан

30 сәуір
10:30 – Пәкістан – Әзербайжан
15:30 – Қазақстан – Ресей

Талғардағы қыздар турнирінің кестесі:

3 мамыр
10:30 – Қазақстан – Эстония
15:30 – Өзбекстан – Израиль

5 мамыр
10:30 – Эстония – Өзбекстан
15:30 – Қазақстан – Израиль

8 мамыр
10:30 – Израиль – Эстония
15:00 – Қазақстан – Өзбекстан

Басқа жаңалықтар

Back to top button