
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әйелдер ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі нәтижелі ойынының арқасында айтарлықтай ілгеріледі. Беларусь құрамасын жеңгеннен кейін отандастарымыз 32,43 ұпай еншілеп, бірден 16 сатыға жоғарылады. Қазіргі таңда команда әлемдік рейтингте 97-орынға жайғасты.
Айта кетейік, 2027 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы С лигасының 6-тобында екінші орында келеді. Бегайым Қырғызбаева баптайтын команда плей-офф кезеңіне жолдама алып, В лигасына көтерілу үшін күресін жалғастырып жатыр.



