
8–10 мамыр аралығында Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтеді.
Елорда бұл беделді жарысты биыл төртінші рет қабылдап, әлемнің үздік дзюдошыларын бір татамиге жинамақ.
Турнир қорытындысы бойынша Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережелеріне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және олимпиадалық рейтингке маңызды ұпайлар беріледі. Атап айтқанда, бірінші орын алған спортшы 1000 ұпай иеленсе, күміс жүлдегерге 700 ұпай, ал қола жүлдегерлерге 500 ұпайдан есептеледі.
Айта кетейік, Grand Slam турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.



