БОКСТРЕНДТЕ

Үш қазақстандық боксшы әлем кубогының келесі кезеңіне жолдама алды

World Boxing ұйымының бастамасымен өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының бес боксшысы шаршы алаңға шықты.

Әйелдер арасында 3 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Түркия өкілі Айсен Таскинмен кездесіп, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Ал 1/8 финалда Дәулет Төлемісов бразилиялық Фильо Исайаспен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы белсенділік танытқанымен, қарсыласы қарымта шабуылда дәл әрі жылдам соққыларымен басым түсіп, жекпе-жекті 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Сондай-ақ, 60 келіде өнер көрсеткен Жансері Көшербаев ирландиялық Джуд Галлахерден жеңіліп, жарысты 1/16 финал кезеңінде аяқтады.

Кешкі сессияда Фарух Тоқтасынов (70 келі) турнирді сәтті бастап, ирландиялық Джон МакКоннелді 3:2 есебімен жеңді. Ол енді 22 сәуір күні 1/8 финалда былтырғы әлем чемпионатының финалисі, жапониялық Севон Оказавамен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық боксшы Диас Молжігітов (80 келі) жапониялық Кай Ториабені айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек екінші раундта мерзімінен бұрын тоқтатылды. Молжігітов келесі кезеңде, 22 сәуірде, аустралиялық Марлон Севехонмен жұдырықтасады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының үш боксшысы жарыстың келесі кезеңіне өтті. Айта кетейік, әлем кубогы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20–26 сәуір аралығында өтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button