ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін Grand Slam турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

1–3 мамыр аралығында өтетін беделді жарыста Қазақстан құрамасы сапынан 12 ер балуан татамиге шығады.

Қазақстан құрамасының құрамы:

60 келіге дейін: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев

66 келіге дейін: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген

81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов

100 келіге дейін: Бейбіт Мадеев, Мавлидов Мухаммедали

Айта кетейік, жарияланған тізім алдын ала сипатқа ие, сондықтан жарыс басталғанға дейін құрамда өзгерістер болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button