ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады

Қазақстан дзюдо құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өткен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Жарыстың соңғы күні аралас командалар арасында финал өтті. Шешуші белдесуде Қазақстан дзюдо құрамасы Моңғолия дзюдо құрамасына қарсы күресіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл кездесуде Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Аида Тойшыбекова (70 келіден жоғары) және Ғалымжан Қырықбай (90 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін алты жүлдемен қорытындылады. Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангельдина (78 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button