ДЗЮДОТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында аралас командалық сайыстың финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандықтар БАӘ дзюдо құрамасы қарсы белдесуде 4:3 есебімен жеңіске жетті. Шешуші ұпайды Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін) еншіледі.

Бұл кездесуде ел намысын Бақыт Құсакбаева (57 кг дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 кг дейін), Мөлдір Нарынова (70 кг дейін), Айбол Нысанәлі (90 кг дейін), Марат Байқамұров (90 кг жоғары) және Назгүл Маратова (70 кг жоғары) қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль үшін күресетін болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button