
Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Эрлан Шеров қарсы айқаста жеңіске жетті.
Осылайша, Айдар Арапов Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.



