
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
81 келіге дейінгі салмақта өткен финалда отандасымыз тәжікстандық Сомон Махмадбековке қарсы белдесуде жеңіске жетті.
Осылайша, Әділет Алмат құрлық біріншілігін жеңімпаз ретінде аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды.



