
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровқа қарсы айқаста айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Абылайхан Жұбаназар Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.



