ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Эсмигүл Куюлова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Тайбэй өкілі Пэй Чунь Юаньға қарсы айқаста сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, 17 сәуір күні финалдық кезеңде Абылайхан Жұбаназар мен Әділет Алмат (81 келіге дейін) жүлде үшін күреседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button