ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан жасөспірімдер хоккей құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

Польшадағы Крыница-Здруй қаласында өтетін IA дивизионындағы әлем чемпионатына Қазақстан жасөспірімдер хоккей құрамасы қатысатын құрам жарияланды.

Бапкерлер штабы негізгі тізімге 23 ойыншыны енгізді.

Қақпашылар:
Кирилл Мыльников, Арсений Кучковский («Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Jersey Hitmen U18»)

Қорғаушылар:
Спартак Чукреев, Артём Гасников, Святослав Евплов, Кирилл Задорожный, Данир Утеев, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Кирилл Серебряков

Шабуылшылар:
Владислав Ануфриев, Әнуар Ахметжанов, Ерлан Ахмутинов, Нар-Улан Байкен, Никита Гридасов, Таир Бигаринов, Илья Громов, Егор Ким, Рауан Қайыржан, Михаил Коленко, Егор Кравченко, Жахангер Тлеухан

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 18 сәуірде өткізеді. Қарсыластары – Венгрия, Польша, Украина, Швейцария және Словения құрамалары.

Турнирде элиталық дивизионға жолдама сарапқа салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button