
Қазақстандық теннисші Даниэль Тазабеков Францияның Больё-сюр-Мер қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Juniors санатындағы J300 турнирінде финалға жолдама алды.
Жұптық сайыстың жартылай финалында Тазабеков жапониялық Такамаса Кавагутимен бірге франциялық Марк Доменик пен Дени Жаден жұбын 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық-жапондық жұп Беларусь өкілі Ричард Лацис және ресейлік Савва Рыбкинге қарсы ойнайды.



