
Ақтауда өткен оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжан футзал құрамасы командасымен екінші жолдастық матч өткізді.
Алғашқы кездесуде 9:2 есебімен жеңіске жеткен қазақстандықтар бұл жолы да басым түсіп, ойынды 4:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Қазақстан құрамасы сапында Азат Валиуллин, Альберт Ақбалықов және Дамир Қайырбай гол соқты. Ақбалықов бұл матчта дубль авторы атанды.
Матч барысы:
1:0 – Валиуллин (14)
1:1 – У. Алиев (15)
2:1 – Ақбалықов (17)
2:2 – Алакбаров (18)
3:2 – Ақбалықов (29)
4:2 – Қайырбай (33)
Осылайша, Қазақстан құрамасы қос жолдастық кездесуде де сенімді жеңіске жетті.



