
Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан 2026 жылғы Азия чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі – Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан жартылай финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандастарымыз финалға шығу үшін бақ сынайды. Давлатов жартылай финалда Тайбэй өкілі Ян Юнвэйге қарсы татамиге шығады.
Ал Аман Бақытжан бахрейндік Руслан Полторацкийге қарсы белдеседі.
Осылайша, қазақстандық дзюдошылар жарыстың алғашқы күнінде жүлдеге бір қадам жақындады.



