
Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
44 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда мексикалық Понсе Нуньес Ширлиге қарсы айқаста 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Айым Серікбаева Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды.



