ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан Премьер-лигасы: бесінші тур тартысты өтті

11–12 сәуір күндері Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы бесінші тур матчтары жанкүйерлерге тартысқа толы ойындар сыйлады. Бұл турда бірнеше күтпеген нәтиже тіркеліп, турнир кестесіндегі күрес қыза түсті.

«Тобыл» – «Қайрат» – 1:1
Ойынның 13-минутында Урош Милованович есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда небәрі бес минуттан кейін Дастан Сәтпаев таразы басын теңестірді.
Екінші таймда да ойын жоғары қарқында өтті. Соңғы минуттарда Рикардиньоның мүмкіндігі болғанымен, есеп өзгермеді. Нәтижесінде – 1:1.

«Астана» – «Ордабасы» – 1:1
76-минутта Жасұлан Әмір алыстан дәл соққы жасап, қонақтарды алға шығарды.
Алайда «Астана» соңына дейін күресіп, қосымша уақытта Ян Вороговскийдің голы арқылы есепті теңестірді. Бұл матчта да жеңімпаз анықталмады.

«Атырау» – «Қайсар» – 2:0
Бірінші таймда «Қайсар» белсенді көрінгенімен, мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Екінші таймда «Атырау» ойынды өз қолына алып, екі гол соқты.

«Жетісу» – «Елімай» – 0:1
Қорғанысқа мән берген ойын болды. Матчтағы жалғыз голды Роман Муртазаев пенальтиден соқты. Осы жеңістің арқасында «Елімай» көшбасшылар қатарына жақындай түсті.

«Оқжетпес» – «Ертіс» – 2:1
Екінші таймда қыза түскен матчта екі пенальти шешуші рөл атқарды. «Оқжетпес» өз алаңында маңызды жеңіске жетті.

«Алтай» – «Ұлытау» – 1:2
Өскемендік клуб есеп ашқанымен, кейін қарсылас ойынға қайта оралып, соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды.

«Қызылжар» – «Жеңіс» – 4:0
Турдағы ең нәтижелі ойын. Йоханнес Бьорталид екі гол соғып, екі нәтижелі пас беріп, матчтың басты қаһарманына айналды.

«Ақтөбе» – «Каспий» – 1:0
Артур Шушеначевтің пенальтиден соққан голы «Ақтөбеге» үш ұпай сыйлады. Команда үш матчтық сәтсіз сериясын тоқтатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button