КҮРЕСТРЕНДТЕ

Едіге Қасымбек Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында жүлдегер атанды.

125 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін өткен белдесуде ол қытайлық У Бухеердунға қарсы айқаста 8:7 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты өткен белдесуде Қасымбек соңғы сәттерге дейін басымдық танытып, бір ұпай айырмасымен жеңісті өз пайдасына шешті.

Осылайша, қазақстандық балуан құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button