БОКСТРЕНДТЕ

Айбек Оралбай Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Қытай өкілі Данабек Байқонысқа қарсы жекпе-жекте сенімді өнер көрсетті.

Алғашқы раундта Айбек 3:2 есебімен басым түссе, екінші үшминуттықта да дәл соққыларымен ерекшеленді. Үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын үстемдігін дәлелдеді.

Қорытындысында төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен Айбек Оралбай Азия чемпионы атанды.

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы құрлық біріншілігін сегіз медальмен аяқтады. Алтын жүлдені Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) иеленді.

Күміс жүлде Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) еншісінде қалса, Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) және Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button